Қаратау АПБ-на 102 арнасы арқылы сағат 00:30-да «Самолет» мейрамханасында бірнеше адамның екі азаматты ұрып-соғып, дене жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жайт ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бұзақылық) бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. […]