Былтыр Шымкентте 253 адамға ағзасын ауыстыру отасы сәтті жасалды. Қалалық №1 клиникалық аурухананың білікті дәрігерлер құрамы науқастарға үміт пен сенім ұялатқан жоғары технологиялы медициналық көмектің барлығын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсеткен. Донорлық трансплантология әдісімен 35 адамның бауыры және 218 азаматтың бүйрегі алмастырылды. Трансплантология бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-хирург Сәбитхан Байтеміровтың айтуынша, ота жасау залы […]