Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Барлығы – 5313 пәтер, оның ішінде 4039 пәтер кредиттік жүйемен тапсырылса, 1274 пәтер кезектегі азаматтарға беріледі. Биыл 53 үйдің құрылысы аяқталып, тапсыру жоспарланған. Тұрғын үйлердің аулаішілік абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. 1 мыңнан астам пәтер «Отбасы банк» […]