Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының тексеру нәтижесі бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ медициналық-фармацевтикалық заңнаманы бұзушылықтармен қатар, 2 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Қылмыстық істі тергеу аясында кінәлілер мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеді.