Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың медициналық қызметкерлерінің жалақысы артады. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың лауазымдық еңбекақысына түзету коэффициенттері көтеріледі. Тиісті қаулы жобасы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды және 28 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылған. Жоба үкіметтің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына өзгеріс енгізуді […]