Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесті. Облыс басшысы биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Сұрақ-жауап кезеңінде тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тиісті жауаптыларға тапсырма берді. Жетісай ауданында 6 ай ішінде 1,8 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды. Былтыр негізгі капиталға 15 млрд. теңге инвестиция бағытталса, биыл жарты жылдың қорытындысымен 9,7 млрд. теңге […]