Елімізде қызылша ауруы өршіп тұр. Мамандардың мәліметінше, 2023 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша республика бойынша қызылша жұқтырды деген күдікпен барлығы 19 мыңнан астам науқас тіркелген. Дәрігерлер аурудың белең алуы азаматтардың, әсіресе балалардың қызылшаға қарсы екпе алмауынан дейді. Дәрігерлердің мәліметіне сәйкес, үшінші мегаполисте қызылша ауруымен науқастанғандардың 87 пайызын балалар құрайды. Ал соңғы 5 жылда сырқаттанушылықтың өсуі […]