Түркістан қалалық орталық ауруханасы кезекті пациенттеріне есту мүмкіндігін сыйлады. Мұнда IV дәрежелі есту қабілеті жоғалған 4 пациентке жоғары технологиялық «Кохлеарлық имплантация» отасы сәтті өткізілді. Олардың екеуі ересек, екеуі бүлдіршін. Анкара қаласының Гази университеті мен аурухананың біріккен меморандумы аясында профессор Режеп Карамерттің көмегімен стационар оториноларингологтарымен бірге пациенттерге Med EL (Австрия) компаниясының импланттары тағылып, міндетті әлеуметтік медициналық […]