Шымкент қалалық №2 ауруханасында бір уақытта 73 жастағы науқасқа үш күрделі операция жасалды. Науқастың диагнозы: бас миының ісігі, омыртқа жарығы, омыртқаның патологиялық сынуы. Алдымен нейрохирургтар бас миындағы ісікті толық алып тастады. Бірінші операция сәтті аяқталғаннан кейін, мойын омыртқасындағы «грыжа» алынып тасталды. Екінші операция да сәтті өтті, одан кейін — омыртқаның патологиялық сынуын тұрақтандыру үшін фиксация […]