Шымкентте «Психикалық денсаулық сақтау қызметінің заманауи жағдайы» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Онда бірнеше өңірден жиналған психиатр, нарколог, невролог мамандар мен жас ақ халаттылар кейінгі кезде өршіп тұрған психикалық аурулардың алдын алу, салдармен күресу бойынша кеңесті. Жиында бірқатар баяндамалар оқылып, өзекті тақырыптар талқыланды. Депрессия, лудомания, суицид. Мамандар кейінгі уақытта осы сынды психикалық аурулардың белең алғанын айтады. […]