Шымкентте 1 жасар сәби терезеден құлап кетті. Абырой болғанда нәресте аман қалды. Бірақ үшінші қабат терезесінен құлаған бала ауыр жарақат алған. Науқас қазір қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде ем қабыдап жатыр. Жағдайы орташа-ауыр. Тұран шағынауданындағы дәл осы тұрғын үйдің үшінші қабат терезесінен бір жастағы бала құлап кетті. Оқыс оқиға 16 шілде күні орын алған. […]