Дархан Сатыбалды жер мәселесі бойынша Қазығұрт ауданының тұрғындарын қабылдады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы бірнеше ауыл өкілдерін арнайы қабылдады. Мақсат – халықтың жер дауына қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдау. Кездесуге жер саласына қатысты мекеме басшылары, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысты.  Алдымен Жұмысшы, Сынтас және Қарабау ауылы тұрғындары атынан келген азаматтардың өтініштері тыңдалды. Азаматтар ұзақ жылдарға созылған жер дауының оң шешімі табылып келе жатқанын айта келе, енді сол қайтарылған жерді ауыл тұрғындарына әділ бөлу мәселесін көтерді. Алтынтөбе ауылы тұрғындарының да өтініштері мен ұсыныстары хаттамаға енгізілді.  Тұрғындар күрделі мәселенің облыс басшылығының қолдауымен халықтың пайдасына шешіліп жатқанына ризашылықтарын білдірді.  Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарға әрбір мәселені келісіп, ауызбіршілікпен шешу маңызды екенін айтты. – Өздеріңіз білесіздер, бірнеше ауылда жерді ауданның меншігіне өткізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Ендігі кезекте жерді тұрғындарға бөліп беру мәселесін біржолата шешкен жөн. Тұрғындар өздері шешім қабылдайды. Бұл істі бірлікпен, ынтымақпен шешкен абзал. Сіздердің ұсыныстарыңыз ескеріліп, халық қолдағаны таңдалады. Екіншіден, ол жерді құр алып қоймай, игеру қажет. Біз шаруашылықпен айналысамын, өнім шығарамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деген облыс әкімі аудан басшысы Арман Абдуллаевқа осы жерге қатысты ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, комиссия құрып, оңтайлы шешуді тапсырды.  «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының теңгерімінде қалған 209 гектар жерді алтынтөбеліктерге бөліп беруді жүктеді. Сондай - ақ Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтына тиесілі 89 га суармалы егістік жер ауданның жер қорына  қайтарылмақ.  Түркістан облысының әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының директорлар Кеңесінің 26.03.2022 жылғы шешімі негізінде Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округінде орналасқан Қоғам меншігіндегі жалпы ауданы 15 547 га жер учаскелерін Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 82 бабының талаптарына сәйкес жеке меншік құқығынан бас тарту арқылы Қазығұрт ауданының жер қорына қайтару туралы шешімі шығарылған. Алтынтөбе ауылы округінде 5 ауыл орналасқан. Заңнама талаптарына сәйкес, Қазығұрт аудан әкімдігінің 10.10.2022 жылғы №289 қаулысымен 15547 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына енгізілді. «Қарабау» ТӨШ» ЖШС-нің қарамағындағы 4959,5 гектар егістік жерді Сынтас, Жұмысшы, Қарабау ауылдарының тұрғындарына бөліп беру мәселесі бойынша да облыс, аудан әкімдіктері, тиісті басқарма және ауыл белсенділері тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 27 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі мен ғылыми зерттеу институтының басшысы елмен жүздесіп, 491 гектар жерді «Қарабау» тұқым шаруашылығына ұрық өндіру үшін қалдырып, 4468,5  гектар жерді үш елді мекеннің халқына бөліп беру жөнінде шешім қабылдады.  Аталған мәселеге қатысты құжат толық рәсімделіп, жер аудан қорына қайтарылған соң елге берілетін болады.  Жер дауы бірнеше жылға созылған 8 ауылда 15 мыңнан астам халық тұрады. Қазығұрт ауданының арнайы жер қорына қайтарылған суармалы егістік жерлер адам саны бойынша үлестірілмек.  

Читать источник turkistan.tv
«Мал боласың»: Әбдіжаппар Әлқожаның дөрекілігі көптің ашуына тиді
Жоғарғы сот: Жерді пайдалану конкурсын өткізгенде заң бұзылған
IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды