Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» байқауы өтті. Шара мақсаты – Қазақстан халқы арасындағы ынтымақ-бірлікті, өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу. Жарыс шарты негізінде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде мақала, өлең, жолсапар очеркін жазу керек еді. Ұйымдастырушы Эльмира Жанғазиева “байқау арқылы мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм […]