XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды. Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді 185 кг көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 кг нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді.