2024 жылы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген азаматтардың ғана мобильді аударымы салықтық бақылауға алынады. Олар жеке кәсіпкерлер мен жұбайылары. Және мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері. Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары «Айна» базарының саудагерлеріне түсіндіру жұмысын жүргізді. Екінші деңгейлі банк өкілдері кәсіпкерлердің мобильді аударымдар жайлы сұрағына жауап берді. Төлем бақылау-кассалық аппарат, РОS […]