Жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпеуі мүмкін! Ал жексенбі күні шақыртуға шықпайды. Күні кеше қоғам арасында қызу талқыға түскен бұл ақпаратқа қатысты Денсаулық сақтау министрлігі түсінік берді. Ведомстводағылар бұл мәліметті жоққа шығарды. Айтуынша, шақыртудың 50 пайызы 4-ші санаттағы науқастардан түседі. Сондықтан енді таңғы сағат 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін 4-ші санаттағы науқастарға тіркелген емхана қызметкерлері барады. […]