Елімізде қаржысын банкке салып жинайтындар көбейген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір депозит көлемі 27 триллион 700 миллиард теңге бар. Жыл басынан бері 1,7 трлн теңгеге немесе 6,5 пайызға көбейіп отыр. Жинақтың басым бөлігі, яғни 17 триллионы теңгеде, қалғаны шетел валютасында сақтаулы. Сарапшылар депозит көлемінің күрт өсуіне 10 пайыздық өтемақы төлеу туралы шешім әсер еткен дейді. […]