Депутат бейәдеп фильмдер мен бейнеконтенттерді сынға алды

Кейінгі кезде мазмұны бей-әдеп сериалдар мен бейнеконтенттер көбейді.  Сондай туындылар кинотеатрларға да шыға бастады. Депутаттар ұлттық құндылықтарды аяқасты еткен фильмдердің мәселесін қозғады. Мақпал Тәжмағамбетова министрлік прокатқа шығатын фильмдерге куәлік берерде қоғамдық пікір мен мемлекеттік саясат тұрғысынан талаптар күшейтілуі тиіс дейді. Ал қазіргі кинотеатрларда көрсетіліп жүрген кейбір туындылар біртұтас ұлттың тағдырына, қоғамға, идеологиямызға тіпті мемлекеттік саясатқа, кереғар әсер етуде.  Заңға сай 21+санатындағы фильмдерді кино залдарында кешкі сағат 10-нан таңғы сағ 6-ға дейін прокаттауға жол беріледі деп нақты көрсетілген. Алайда мұндай фильмдер кешкі сағ 6-дан бастап көрсетіліп жүр. Оң-солын әлі танымаған жастар, ата-анасынан кешкі уақытқа сұранып шыққан жасөспірімдер емін-еркін көруде. Сонда бұл заңды белден басу ма? Мұндай сорақылыққа кім және не үшін жол беріп отыр? Рухани құндылығымызды қайтсек түгендейміз деп жүргенде, ұрпақты дүбара қылатын мұндай насихат жаудан да қауіпті болып тұр.    

Читать источник turkistan.tv
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
«Қазақ маман қарастырылып жатыр»: Станислав Черчесов бапкерліктен кетуі мүмкін
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды