Депутаттар рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады

Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалады. Сенат депутаттары заң жобасын қабылдап, құжатты президенттің қол қоюына жіберді. Заңға сәйкес жазалаудан тек онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана босатылады. Ал, ауыр және аса ауыр қылмысқа барғандардың жазасы тек қысқартылады. Заң нормаларына сәйкес мемлекетке опасыздық жасағандар, террористер мен экстремистер түзеу мекемелерінен босатылмайды. Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылыққа ілінгендер қатарына кірмейді. Ал сенаторлардың сөзінше, рақымшылыққа шамамен 1 жарым мыңдай адам ілігеді және олар біртіндеп босатылады. Үкімет бұл азаматтарды жұмыспен қамтып, баспана мәселесін шешуге көмектеседі.  МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Қабылданған заң Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Заң «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктермен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарға барған азаматтарды қылмыстық жауаптылықтан босатуды және олардың жаза мерзімдерін қысқартуды көздейді. Сонымен қатар заңда рақымшылық жасауды қолдану шарттары, тәртібі және ол қаңдай адамдарға қолданылмайтыны туралы нақты нормалар белгіленген. Бұл заңды тәртіп бұзуға жол берген адамдарға қатысты қоғам мен мемлекет тарапынан жасалған гуманистік қадам деп қабылдаймыз. Бұдан былай осындай қайғылы оқиғалар елімізде ешқашан қайталанбайды деп сенеміз.

Читать источник turkistan.tv
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Түркістан облысында тұрмыстық химия өндірісімен айналысқандар әшкереленді
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды