Қазақстандық фермерлер жеңілдетілген лизингке қаражат бөлуді сұрайды. Диқаншылар былтыр осы бағдарламалар арқылы мыңнан астам техника сатып алған болса, биыл мұндай мүмкіндік жоқ дейді. Себебі мемлекеттік қаржыландыру көлемі 40 пайызға қысқарған. Ал дәл қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына қажетті техникалардың 80-ының тозығы жеткен. Серік Сұлтанов біршама жылдардан бері өзінің егіс алқабында 27 жылдық тракторымен жер жыртып келеді. […]