Шымкенттің жанар-жағармай құю бекеттерінің біріндегі жер асты дизель отыны қоймасына найзағай түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына шақырылды. Тұран ауданындағы оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы сыйымдылығы 23 тонна жанармай құю станциясындағы резервуардан түтін көтеріліп жатқанын анықтады. Жанармай сақтауға арналған жер асты қоймада 11 тонна дизель отыны болған. «Ашық от болған жоқ. Дизель отынының тұтануына жол […]