Шымкентте дизель құйылған бөшкені жылытпақ болған ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға «Тассай тас» компаниясының аумағында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм дизель отыны құйылған бөшкені газ баллонымен жылытуға тырысқан. Сол сәтте жарылыс болып, 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болған. Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Аталған жайт 8 желтоқсанда орын алды. […]