Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда «Джайла» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіні көріп, үріп белгі береді. Содан полицейлер күдік тудырған азаматты байқап, бірден тексереді. Нәтижесінде күдікті азаматтың шалбарының оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған заттың «гашиш» есірткісі екені расталды. Сондай-ақ орта […]