Шымкенттегі Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырық құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне берілді. Бұған дейін техникалық түрде ашылған жолайырықта жерасты өткелі мен абаттандыру жұмыстары бітпеген еді. Ал бүгін республика күні қарсаңында, қала тұрғындарының тіршілігіне маңызды нысанның салтанатты ашылуы болды. Мемлекет басшысының тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмасын өңірімізде осылайша жүзеге асырылуда. Бірнеше […]