Дүкенге келушінің ыңғайсыз қозғалысының салдарынан сөрелерде тұрған тауарларды сындырып немесе бүлдіріп алатын жағдайлар кездеседі. Осы кезде көптеген сұрақтар туындайды. Дүкен басшылығы шығынды талап етуге құқылы ма? Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, негізі бөлшек сауда шартының нысаны бойынша сатып алу – тауарды ақысын төлеп, чек берілген соң ғана шарт орындалған болып есептеледі. Әлі сатып алмаған тауарды […]