Жоғары сұрыпты жеңсік шоколадтарды тегін алғысы келіп, құнын төлемей кеткен. Оқиға Шымкент қаласындағы сауда орындарының бірінде, кешкі уақытта орын алды. Бұл жайт бойынша 2023 жылдың 28-наурызында, Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы ірі сауда орталығында басшылық қызмет атқаратын азамат арызданған. Ол арызында, бөгде ер адам дүкеннен әрқайсысының құны 2195 теңге тұратын 17 дана «Merci» […]