Телефонмен дүкеншіні балағаттап, жанжал шығарып, қорқытқан әйел 25 күнге қамалды. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сот дерегінше, оның үстінен ұсақ бұзақылық бабымен іс қозғалған. Сотта айыпталушының қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені анықталған. Ол өз кінәсін толық мойындаған, жәбірленушіден кешірім сұраған. «Сот анықталған […]