Елімізде Дүниежүзілік банкпен бірлескен бірнеше жаңа жоба жүзеге аспақ. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орта Азия жөніндегі вице-президенті Анна Бьердемен кездесуінде айтты. Тараптар банктің Қазақстандағы қазіргі жобалары мен алдағы жоспарларын, Мемлекет басшысы Жолдауында белгілеген Үкіметтің реформаларды жүргізу жөніндегі шараларын талқылады. Премьер-Министр Банктің қолдауымен елімізде табысты жұмыс істеп жатқан экономикалық-әлеуметтік жобаларды […]