Шымкентте осы жазда екі жасөспірімнің өліміне себеп болған жол көлік оқиғасын тудырған жүргізушіге сот үкімі шықты. Қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралып, айыпталған азаматқа 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сұлтанбек Сиез, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің бас маманы: «Сот, айыпталушы азаматты ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған көлік құралдарын […]