Солтүстікке көшіп барған екі отбасы да үйлі болды. Бұған дейін бірнеше күннен бері «Жаңа қадам» бағдарламасының кейіпкерлері бос қалған үйлерді аралап көрген еді. Айта кетейік, аталған ауылда қоныс аударушыларға арнап салынған жаңа үйлер жоқ. Сондықтан кейіпкерлерімізге ескі үйлерді паналауға тура келеді. Теріскейге қоныс аударушылар ең алдымен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Одан бөлек қаржылай көмек пен тегін үйі тағы бар. Бәрінен бұрын бұл жақтың жұтқан сайын жұта бергің келетін таза ауасын айсаңшы?!. Кейіпкерлеріміз бүгін осылардың барлығына қол жеткізді. Яғни өздері қалаған үйді мемлекет көмегімен сатып алды. Келес ауданынын келген Мұхамеджан Алдияровтың үйі толық жабдықтармен қалған. Бұрынғы иелері тек киім-кешектерін алып көшіп кетсе керек. Ауласында 30-40 бас мал иятын кең қорасы да бар. МҰХАМЕДЖАН АЛДИЯРОВ – ҚАРАШІЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ АҚМАРАЛ АСҚАР – МҰХАМЕДЖАННЫҢ ЖАРЫ Ал, төлебилік отбасы таңдаған үй дәл ауылдың орталығында орналасқан. Бөлмелері кең әрі жарық. Кейіпкерлеріміз алдағы уақытта жаңа баспаналарын жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде есік-терезесін сырлап, бақшасындағы арам шөптерді жұлу процесін бастап кетті. АҚБОТА ПӘТЕНОВА – ҚАРАШІЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Құтты қоныстарына жайғасқан екі отбасының да бүгін қуаныштарында шек жоқ. Шалғайдағы ауыл болса да, өз баспанаңның болғанына жетпейді екен дейді олар. Айта кетейік, түстіктен көшіп барған қос отбасының күнделікті тіршілігі жайлы сіздер біздің арнамыздағы тың жоба -«Жаңа қадам» бағдарламасынан көре аласыздар. Бүгінгі бөлімде үйлердің сапасы мен оны заңдастыру туралы сөз болмақ.