Екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары талқыланды

Түркістан облысына инвестиция тарту мақсатында ауқымды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл жоба бойынша облысқа 293,3 млрд. теңге жеке инвестиция тартылатын болады. Жобаның болжамды құны 722,8 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады. Нәтижесінде 110 млн.м3 таза су алынып, Түркістан облысының оңтүстігіндегі 1 млн. халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешіледі. Жоба бойынша мәселелерді талқылау үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Саутс-Ойл» ЖШС-нің президенті Серікжан Сейітжанов пен «Power China» корпорациясының бас өкілі Ксяолинь Янмен кездесті. Басқосуда жаңа жобаның құрылысына қажетті жарықпен қамтамасыз ету және жол мәселесі талқыланды. Облыс басшысы инвестициялық климатқа оң ықпал еткен ірі компания басшыларына мемлекет тарапынан жан-жақты көмектің көрсетілетінін жеткізді. Облыстың экономикасын дамытуға бағытталған жоба аясында инфрақұрылым дамиды. Жұмыс орны ашылады.  – Біз үшін бұл инвестициялық жобалар өте маңызды. Өңірде кәсіпорындар ашып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр. Әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетіледі. Инвестициялық жобаларды өз деңгейінде жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз, – деді Дархан Сатыбалды.  Сонымен қатар отырыста «Састөбе инновациялық кешені» жобасы бойынша ортақ мәселелер талданды. Бұл бағытта электр жарығымен қамту жүйесінің құрылысын тездету мәселесі көтерілді. «Састөбе» химиялық кешені – біргей жоба. Бүгінде Қазақстанда оған ұқсас зауыт жоқ. Аталған жобаны іске асыру Қазақстандағы химия саласын дамытуға зор серпін береді. Зауытта химия өнімдері, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, цемент өндіру ісі қолға алынады. Жоба құны – 136,6 млрд.теңге. 2024 жылдың екінші жартысында ашылатын өндіріс орнында 1000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.    

Читать источник turkistan.tv
Депутаттар есеп берді
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жаңажылдық базарлық
«Күйеуі жоқ әйелге қиын»: Мақпал Жүнісова сахнада елді күлкіге қарқ қылды
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды