Ел аумағында онлайн-алаяқтық жасаған екі шымкенттік азамат ұсталды. Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяққа алданғанын айтып арызданған. Сөзінше, ол ескі жиһазын сату үшін ғаламтор желісіне жарнама орналастырған. Жәбірленушіге белгісіз азамат сатып алу жөнінде жазып, өзі жіберген сілтемеге өтіп, курьерлік жеткізу қызметін растауды сұрайды. Ол сатып алушының нұсқауларын орындап, сайтқа банк картасының реквизиттерін енгізген. Салдарынан […]