Бір тал гүлді өсіру -табиғатты аялаудың алғашқы қадамы. Ал қоқысты сұрыптау, болашаққа жасалған жауапты таңдау. Шымкентте оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан – таза болашақ» тақырыбында ашық сабақ өтті. Балғындар табиғатты қорғаудың маңызын айтып қана қоймай, өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Төртінші сынып оқушысы Аяла Ілияс та табиғатқа деген қызығушылығын ғылыми жобаға арқау еткен. […]