2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 2,5-3,5 пайыз болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді. «Биылғы жылғы 7 айда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,3%-ды құрады. Қашағандағы жөндеу жұмыстарының және Каспий құбыр консорциумындағы өндірістік процестерде сақталып отырған іркілістердің салдарынан елдегі мұнай өндірісінің қысқаруы нәтижесінде экономика өсімінің баяулауы байқалып отыр. Экономиканың өсуіне […]