Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өз таңдауын жасады. Ол Елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Аталмыш участкеге 2627 адам тіркелген. Дауыс берген соң президент бүгін ел үшін ең маңызды күн екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл жыл оңай болмағанын, халқымыз жұмылып, қиындықтарды еңсергенін айтты.