Ел президентінің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қасым Жомарт Тоқаев қарқынды жұмыс жүргізілмесе үкіметті тарататынын айтып, жиынға қатысушылардың бірқатарына қатаң сөгіс жариялады. Мемлекет басшысының сөзінше, кейбір тапсырмалар уақытында жүзеге асу былай тұрсын, тіпті басталмаған да. Отырыста ел президенті баға тұрақтылығы, қант тапшылығы мен қарапайым қазақстандықтардың жалақысы туралы да сөз қозғады. Еліміздің көптеген өңірінде тұрғындардың […]