Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылғаны белгілі болды. Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 6,9 млн-ы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. 4-тоқсанда аптасына нақты жұмыс істеген сағаттар саны орта есеппен жұмыспен қамтылғандардың біреуінде 39 сағат, жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құрады. […]