Алматы облысында 13 тонна синтетикалық есірткі өндіруге арналған химиялық қоспа тәркіленді. Полиция қызметкерлері жедел шаралар жүргізу барысында 8 шетелдік азаматтың 3 жасырын синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқанын анықтаған. Тінту жұмыстары нәтижесінде есірткі өндіруге арналған химиялық заттарды жеткізумен айналысқан тағы да 2 шетел азаматы белгілі болды. Олардың бірі Алматы қаласында ұсталды. Заңсыз іспен айналысқандар 6 бірдей қойманы жалға алып, синтетикалық есірткі дайындаумен айналысқан. Ол жерден сегіз арнайы зертханалық жабдық тәркіленді.