Елде астық құнсыздануы мүмкін. Құзырлы одақ өкілдері осылай дабыл қағып отыр. Үшінші сұрыптағы дәнді дақылдың бір тоннасы 120 мың теңге болуы керек. Алайда сыртқы факторлар әсерінен баға 100 мың теңгеден төмендеп кетуі ықтимал дейді олар. Оған Ресейдің арзан бидайын импорттау салқынын тигізеді. Астық одағының төрағасы Нұрлан Оспанов «Ел дала» сайтына берген сұхбатында көршілердің бидайды темір […]