Қазақстанда тағы бір саяси партия – Республика партиясы тіркелді. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. «Қазіргі таңда Байтақ партиясы және Республика партиясы тіркелді. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар бірінші сатыдан өте алмай жатыр. Себеп бұрынғыдай, тапсырған құжаттары заңға сәйкес келмейді», – деді Мусин парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.