Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Мемлекет басшысы еліміз үшін судың маңызы мұнай мен газдан кем еместігін тілге тиек етті. «Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда […]