Еліміздегі әуежайлар мен шекара бекеттерінде әлемде таралып жатқан маймыл шешегіне байланысты санитарлық-карантинді бақылау күшейтілетін болады. Бұл аталмыш қауіпті аурудың алдын алу үшін қолға алынып отырған шаралар. Мұндай тапсырманы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов берді. «Әзірге Қазақстанда бірде-бір маймыл шешегі ауруы тіркелген жоқ», — деп атап өтті премьер. Инфекцияның алғашқы ошағы тіркелген 2022 жылдың мамыр айынан бері […]