Еліміздегі фармация мамандығының «Үздік студенті» анықталды

Еліміздегі фармация мамандығының «Үздік студенті» анықталды. Түркістанда өткен байқауға еліміздің әр аймағында орналасқан 22 жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысып, бақ сынады. Конкурстың шарттары қандай? Онда студенттерге қандай талап қойылды? Жүзден жүйрік шыққан студенттің есімі кім? Түркістан қалалық жоғары медициналық колледжінің базасында ұйымдастырылған байқауға 22 студент қатысты. Олар еліміздің әр аймағында орналасқан жоғары медициналық колледжінде білім алып жатқан үздік студенттер. Көбі Түркістанға алғаш рет келіп отыр.  ҒАЛЫМЖАН БИМУРЗАЕВ, ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  Бірінші мақсатымыз - осы студенттеріміздің бір-бірімен араласаып, білімін шыңдап, бір-бірімен танысып, наурызға тұспа-тұс келіп отыр. Түрленген түркістанды көрсін, танысын, қаймағы бұзылмаған қазақи шахарымызды көрсін деп осы сайысты ұйымдастырып отырмыз.  Конкурсты ұйымдастырушылар, соңғы жылдары фармацев мамандарына сұраныс артқанын айтады. Сондықтан білікті маман даярлау үшін оқу бағдарламасына жаңа талаптар енгізілген. Еліміздегі жоғары медициналық колледж студенттері жаңа бағдарламамен білім алады. «Сондықтан фармацев мамандарына қойылатын талап жоғары»,- дейді.  МЕЙІРБЕК СҰЛТАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ   Үкіметтің тапсырамасымен біздің кейбір қалаларымызда дәрі-дәрмек шығару фабрикалары салынып, жұмыс істеп жатыр. Ол жерге кім керек? Фармацев маман керек. Осы дәрі-дәрмекті дайындайтын, өткізетін, насихаттайтын. Себебі, сағат сайын жаңа дәрілер шығып жатыр. Сол себептен бұл мамандық өте қарқынды дамуда. Сондықтан жауапты және өте қажет мамандық.  Конкурстың шарты бойынша, қатысушылар алдымен тест түріндегі 50 сұраққа жауап берді. Сыннан сүрінбей өткендері 2 кезеңге жолдама алды. Онда технология бойынша дәрі-дәрмек дайындап, фармацевтикалық анализ жасады. Бұдан бөлек, тәжірибелі мамандардың алдында ауырып дәріханаға келген науқаспен тілдесіп, оған қандай дәрі көмектесетінін айтты. Сол арқылы өзінің біліктілігін көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша Павлодар қалалық жоғары медициналық колледж студенті Марина Коравлева жеңімпаз деп танылды.  РЕГИНА КОРОГЕЗ, АСТАНА ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТІ Мен бұл байқауда жеңімпаз боламын деп ойлаған жоқ. Басында қатысып көрейін деп өтініш бергем. Бірақ нәтижесі өздеріңіз көргендей болды. Өте қуаныштымын. Сайыс өте тартысты өтті. Қатысушылардың барлығы мықты дайындықпен келген. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.   Осылайша еліміздегі фармация мамандығының үздік студенті Түркістанда анықталады. Байқау ҚР Медициналық колледждерінің оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен әр 2 жылда 1 рет өтіп тұрады. Байқаудың шарты бойынша жарыс жеңімпазы қай облыстан болса, келесі конкурс сол өңірде өтеді. Келесі байқау 2025 жылы Астана қаласында өтеді.

Читать источник turkistan.tv
Мемлекеттік қызметтегі жаңа толқын: Шенеуніктердің жүгі жеңілдейтін болды
Терроризмді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Turkish Airlines ресми түрде әлемнің ең көп елдеріне рейс жасайтын әуе компаниясы ретінде Гиннес кітабына енді
Терроризмді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Жыл жетістігі: Шымкентте 552 отбасына тұрғын үй сертификаты берілді
Жалпыға бірдей декларацияны жаңа жылдан бастап кімдер тапсырады?
Президент шыршасы: Шымкентте 300 оқушыға ел басшысының сый-сияпаты табысталды 
Мемлекеттік қызметтегі жаңа толқын: Шенеуніктердің жүгі жеңілдейтін болды
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Елордадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
«Қара бауыр қасқалдақ»: Желтоқсан оқиғасын суреттейтін әйгілі әннің шығу тарихын білесіз бе
Алматыда 20 жастағы жігітті жол бойында пышақтап кеткен
Айгүл Иманбаева ағылшындардың Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты
Есімі ер есінде: Биыл белгілі журналист Ахметбек Ибраевтың туғанына 100 жыл толды
Қарағандыда саяхатшыларды алдаған алаяқ сотталды
Әкелі-балалы хоккейшілер ойын ортасында жаға жыртысып қалды – ВИДЕО
Астанада ломбард тонаған шетелдік азаматтар ұсталды
"19 горилла сынақтан өтіп жатыр": Жануарлар да банктен шот ашуға мүмкіндік алуы ықтимал
ТЖМ құтқарушылары егде жастағы әйелге көмек көрсетті
Бай болудың құпиясы: 50 жылдық зерттеу нәтижесінде табысты болудың сыры ашылды
2025 – жұмысшы мамандықтар жылы: мамандар қалай білім алып жаты
Астанада запастағы әскерилерге арналған әлеуметтік қолдау орталығы ашылды (ФОТО)
ШҚО-да Қазақстан Республикасы Президентінің жаңажылдық шыршасы өтті
Қатерлі аурулардың қаупін арттырады: Ғалымдар шай қалташаларының зиян екенін анықтады