Қазақстанның Әділет вице-министрі Алма Мұқанова еліміздегі сайлау процесіне шетелдіктер араласпауы үшін қандай шаралар атқарылғанын баяндап берді. Оның айтуынша, сайлау туралы жаңа түзетулер шетелдіктердің араласпау қағидасын бекітті. Атап айтқанда, сайлау комиссиясының мүшелерін жасақтау кезінде осы постулатты сақтау қажет. «Қазір аккредиттеуге өтініш жолдаған қоғамдық ұйымдарға екі құжат тапсырса жеткілікті. Біріншісі – сайлауды бақылауға арналған аккредитациядан өту туралы […]