Елде жалпы тұрғын үй қоры 387 млн шаршы метрден асқан. БҰҰ халықаралық стандартына сәйкес бір адамға шаққанда үйдің жалпы ауданының нормасы 30 шаршы метр. Рэйтинг агенттігінің зерттеуінше, Қазақстанда бір тұрғынға шаққанда үймен қамту деңгейі 23 шаршы метрден сәл асады. Ал ауылдарда небары 19,8 шаршы метр екен. Демек қала тұрғындарына қарағанда ауылдағы азаматтар баспанамен аз қамтылған. […]