Қала күніне орай Шымкенттің іргесіндегі Елтай тұрғын алабында жөндеуден өткен Садық Оспанов көшесінің жолы пайдалануға берілді. Тоғыс елдімекенімен байланыстыратын асудағы күре жол жарықтандырылған, жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған. 2020 жылы топан судан зардап шеккен елтайлықтардың тұрмысы бүгінде жақсарып, тұрғын алабында 600 орындық мектеп салынып, көпірдің құрылысы келер жылы басталмақ. Осыдан екі жыл бұрын мамырдың ортасында […]