«Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс».Мемлекет басшысының таяуда ғана өткен жолдауында баса айтқан сөзі бұл. Дәл осындай таңнан қара кешке дейін аянбай еңбек етіп жүргендердің бірі Маратбек Жұманов. Жетісай ауданыны Абай ауылының тумасы талай жылдан бері ауыр комбайндарды тізгіндейді. Толығырақ еңбек адамымен сұқбаттасып қайтқан тілші материалында. Маратбек Жұманов Жетісай ауданының тұрғыны.10 жылдан бері комбайн тізгіндеп, астық оруды кәсіпке айналдырған. Еңбек адамы ауыр техникаларды тізгіндеуді бала кезінен армадаған екен. Бүгінде көп балалы әке 5 перзентінің керек жарағын да дәл осы ауыр техникамен тауып отыр.