Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының бюджеті 5 жылда 11 есеге өсті. 313 200-ден астам халық қоныстанған аудан бюджеті 2017 жылы 17,5 млрд. теңге болған. Ал биыл ауданға мемлекет қазынасынан 78,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кезекті есепті кездесуі кезінде айтты. Аудан әкімінің айтуынша, негізгі қаржы көзі […]