Түлкібас аудандық сотында «М» есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Құқық бұзушы «М» өз енесіне пышақ сермеп, оң қолын кесіп, нәтижесінде денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген. Сот отырысында құқық бұзушы жасаған әрекетін мойындап, отбасылық жанжал кезінде, араша түскен енесіне ашумен пышақ сермегендігін […]