Шардара аудандық полицейлері енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған азаматты анықтады. Жәбірленушінің сөзінше, белгісіз біреу үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзігі мен сырғасын, сондай-ақ бағалы бриллианттары мен алқаларын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 1 700 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық» бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің түр-тұлғасы анықталды. Күдікті ер адам жергілікті […]